OrdaFM – үздік әуендер ордасы!

-- #OrdaFM --

БІЗ ТУРАЛЫ

Orda FM – аз ғана уақытта өзінің тыңдарманын тауып үлгерген ең үздік Елордалық радиотолқын!

– Бүгінгі таңда ORDA FM әуе-толқыны Астана қаласындағы радиотолқындар арасындағы үздік үштікте орын алған радио.

– ORDA FM – бұл ақпаратты тез әрі дәл жеткізетін толқын болып саналады. Біздің радио өзінің тыңдарманына етене жақын.

- ORDA FM-де тек ең үздік бағдарламалар, әйгілі радиожүргізушілер, қызықты ойындар мен бағалы сыйлықтар.

– ORDA FM – «Қаламның өмірі» ұранымен жұмыс істеп, өмір сүріп жатқан Қазақстан Астанасының бас қалалық радиостанциясы.

- ORDA FM - өз тыңдаушыларының Астана мен қала сыртында болып жатқан мәдени, спорттық және іскерлік оқиғалардан хабардар болуына ұмтылады.

- ORDA FM радиосы тыңдаушылардың сан түрін қамтиды. Белсенді, іздемпаз, жан-жақты ашық адамдарға арналған белгілі шоумендер Азамат пен Антонның «Лига Джентльменов» жобасы. «Алле FM» бағдарламасында жылы лебіздерді білдіріп қана қоймай, сүйікті әндеріңізге тапсырыс  беруге болады. Радиостанция Майра Төлепберген мен Жасұлан Жүрсінұлының жаныңды жадыратар әуендер мен қызықты ойындарға толы, бұрыннан да тыңдарман жақсы көретін «Кешкі TIME» бағдарламасының жаңа нұсқасын мақтанышпен ұсынады! Астана мен республикада болып жатқан жаңалықтар үшін қалам мен микрофонның қас шеберлерлері Марал Байғара мен Әлібек Әбділов жауапты. Достарыңмен бірге көңіл көтеріп отырғандарды «On Air» жобасындағы әуендер көңіліңе шабыт сыйлайды.

ORDA FM форматының негізінде – пайдалы қалалық радионың форматы. Астаналық станцияның күндізгі эфирлеріндегі қалалық мәліметтер жиынтығы, Астананың өмірі, тұрмыс-тіршілігі мен трендтері туралы уақытылы және пайдалы ақпарат.  

ЖОБАЛАР

ЕРЕЖЕ

«ORDA FM» әуе толқынындағы ойындарға қатысу туралы шарттары.

Радиоойындарға 18 жасқа толған, ORDA FM радиосында бір жылда 5 рет жеңімпаз атанғандардан басқа, кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

 

Радиоойындарға ұйымдастырушы жұмыскерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ ORDA FM жұмыскерлері мен өкілдеріне, осындай жұмыскерлер мен өкілдердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ радиоойынды ұйымдастыруға және/немесе өткізуге қатысы бар кез келген басқа ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.

 

Радиоойындардың шарты барлығына бірдей (оның шарттары www.orda.fm не/немесе жүргізушілер хабар тарату барысында хабарлайды).

 

Ойынға қатысқан әрбір қатысушы осы шарттармен таныс екенін мойындайды. Сондай-ақ, қатысушы ұйымдастырушының талабымен:

-Кез-келген фото және бейне түсірілімдерге, сұхбаттар беруге келесімін береді. Бұл ретте барлық авторлық және сабақтас құқықтар тек ұйымдастырушы меншігінде. Оны ұйымдастырушы әрі қарай өңдеп, қолдана алады. Айталмыш материалдар радионың www.orda.fm сайтында және радио серіктестірінің сайттарында, басылымдар мен журналдарда, әлеуметтік желілерде орналастырыла алады.

 

Ұйымдастырушы радиоойынға бір жылдың ішінде 5 немесе одан көп рет жеңімпаз атанған тыңдармандарды қатыстырмауына толықтай құқылы.

 

Ұтыстар жеңмпаз атанған адамға ғана беріледі. Ол үшін қатысушыға ұтысты алар кезде өзімен бірге өзін куәландыратын құжат қажет. Сыйлықтар күнде сағат 15:00 ден 16:00-ге дейін ғана беріледі. Радиоойын өткеннен кейін 7 күннің ішінде сыйлықты алып кету қажет. Біздің мекен жайымыз: Астана қ., Желтоқсан,49 үйі / Мәскеу көш.қиылысы.

ФОТО

not aviable

ЖҮРГІЗУШІЛЕР

СҰРАҚТАР

Әрине болады! Ол үшін күнде 11:00 және 15:00 өтетін «Алло FM» құттықтау сазды бағдарламасын тыңдауың керек! Сондай-ақ, әнге тапсырысты біздің sms-портал арқылы беруге болады. (SMS-тің басында ФМ немесе FM әріптерін жазу шарт. SMS құны 75 теңге) Біздің тікелей эфирге хабарласуға болады. Ол үшін +7 7172 31 66 57 телефон нөмірін теру қажет.
Егер сен өзіңді нағыз талант деп санасаңыз, әніңіз біздің радиотолқында қойылуға лайық деп есептесеңіз және біздің форматқа сәйкес екеніне толықтай келіссеңіз ендеше әнді (mp3, wav форматында) bahtiyar_abilhair@mail.ru жолдасаңыз болады. Егер ән көркемдік кеңестен сәтті өтсе сізге міндетті түрде хабарласады.
Біз әрқашанда жаңа дауыстар мен жобалар іздестіреміз. Егер сіздің ой-қиялыңызда жүрген үздік жобаның форматы мен концепциясы жүрсе және де оны радио эфир арқылы тыңдарманға жеткізгіңіз келсе bahtiyar_abilhair@mail.ru жолдасаңыз болады. Ол үшін жобының толықтай концепциясы мен өзіңіз жайлы ақпаратты (мүмкіндік болса дауысыңыз жазылған аудио файл) жіберіңіз! Егер сіздің жоба бізге ұнап жатса, сізге міндетті түрде хабарласады.

ЖАРНАМА

ЖАРНАМА +7 (7172) 99-93-93  

БАЙЛАНЫС

Жарнама қызметі ORDA FM 

“ASTANA MEDIA CENTRE GROUP” ЖШС

Астана қ., Жансүгіров к. 8/1, оф. 102 (Аружан БО)

Телефон: +7 (7172) 99-93-93

е-mail: vbatyuta_74@mail.ru

+77785192190 Жадыра Тауасарова, Сату бөлімінің басшысы 

ЖОБАЛАР

Информация обновляется

Back to Top