«Orda FM» радиосы 2013-ші жылдың 22-ші наурызында эфирге шықты. Аз уақытта өзінің тыңдарманын тауып, ең үздік елордалық радиотолқынға айналды.
«Orda FM» Астана бойынша және қаладан тыс 100 шақырым жерге дейін тәулік бойы, аптасына 7 күн үзбей хабар таратады. Үздік әндер, бағдарламалар, соңғы жаңалықтар, қызықты ойындар мен бағалы сыйлықтар ордасы.
Өз тыңдаушыларының Астана мен қала сыртында болып жатқан мәдени, спорттық және іскерлік оқиғалардан хабардар болуын қамтамасыз етеді.
«Orda FM» – бұл жұлдыздармен эксклюзивті сұхбат мекені және қазақстанның бас қаласының күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар болу мүмкіндігі.
Радионың үздік шоулары: «Qaiyrly Tancy», «Тікелей эфирде Майра Төлепберген», «Лига Джентльменов», «Орда Кеші» – бұл қызықты, танымды, әрі пайдалы ақпарат және танымал, сүйікті әуендер ағымы!
«Orda FM» әуе толқынындағы ойындарға қатысу туралы шарттар
Радиоойындарға 18 жасқа толған ҚР азаматтары қатыса алады. Радиоойындарға радио қызметкерлері мен өкілдеріне қатысуға болмайды. Ұйымдастырушы радиоойынға бір жылдың ішінде бес немесе одан көп рет жеңімпаз атанған тыңдармандарды қатыстырмауына толықтай құқылы. Ұтыстар жеңімпазға куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жұмыс күндері сағат 18.00-ден 20.00-ға дейін Астана қ., Желтоқсан к-сі, 49 үй мекен-жайы бойынша ойын өткеннен кейін 4 күннің ішінде беріледі. Аталмыш кезеңде жеңімпаз хабарласпаса, сыйлық келесі ойындарда қайта ойналады.